12.05.2008 XXI ғасырдағы мұсылман азаматы қандай болуы керек?
«Ислам экономикасы мен құқығы» орталығының директоры М. Смағұлов
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада мамырдың 13-і мен 15-і аралығында «Ислам: XXI ғасырдағы даму үдерісі мен болашағы» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Алқалы жиынға Ресей, Армения, Әзірбайжан, Қырғызстан, Германия, Мысыр, Украина сияқты мемлекеттердің ғалымдары қатысады.
Жиын барысында олар исламның қазіргі жағдайы мен оның даму бағытын сөз етпек. Онда сондай-ақ Исламдағы «Аралық» ұстанымы тұжырымдамасы мен ислам экономикасы, әлем елдерінің құқықтық тәжірибесінде ислам заңдарын пайдалану сияқты мәселелер де талқыға салынады. Осы мәслихат қарсаңында ҚазАқпарат тілшісі шараны ұйымдастырушылардың бірі, Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Ислам экономикасы мен құқығы» орталығының директоры Марат Смағұловты сөзге тартқан еді.
«Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу
Қазақстанда үлкен демографиялық дүмпу жүріп жатыр! Бұған «қарадомалақтар тасқынының» тигізіп отырған әсері зор. «Өйткені былтыр елімізде 330 мыңға жуық бала дүниеге келсе, биыл қара домалақтар саны 350 мыңнан асады» деп болжайды белгілі демограф, Орталық Азия университетінің ректоры Мақаш Тәтімов. Ал 2012-15 жылдары дүниеге келетін шараналар саны 400 мыңға жуықтайды екен. Сол кезде Қазақстандағы қазақтардың саны 70 пайызды құрайтын болады!
Үкімет басшысы ҚР білім және ғылым министріне 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Астанада екі жаңа интеллектуалдық мектепті ашуды тапсырды
Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа 2008 жылдың 1 қыркүйегінде Астанада екі жаңа интеллектуалдық мектепті ашуды қамтамасыз етуді тапсырды. Мұндай тапсырманы ол бүгін өткен үкіметтің отырысында жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Қазақстанда мемлекеттік жоғары оқу орындары тегін болуы тиіс. Мұны кеше Алматыда өткен басқосуда Қазақстан Мұсылмандар одағының мүшелері мен бірқатар ЖОО профессорлары мәлімдеді.
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Өткен демалыс күні футболдан ел біріншілігінің тоғызыншы турының матчтары ойналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет және ақпарат министрлігін басқаратын болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Дина Ермағанбетова/ - Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет және ақпарат министрлігін басқаратын болды.
Биліктен кеткен соң, өткен өмірінен сыр шерткен АҚШ Президенті Нексон: «Ақ үйде тұрғанымда үрейлі түс көріп жүргендей сезінетінмін. Одан ертерек айығуды тіпті, Вашингтоннан біржола кетіп қалуды ойлайтынмын....
Оқу жылы аяқталатын күн де тақап қалды. Қолдарына диплом алып, бір-бір мамандық иесі атанғалы отырған жастар үшін нағыз қарбалас шақ басталды. Оқу орындарын бітірушілер жанталасып, таңдаған тақырыптары бойынша дипломдық жұмыстар дайындау үстінде. Әр студенттің неше жыл бойғы алған білім-білігінің деңгейін сол диплом жұмыстары сынға түскен сәтте бағалауға болатын-ақ еді... Бірақ өкінішке қарай, бүгінгі күнгі студенттер дайындап жүрген дипломдық жұмыстардың барлығы бірдей жан-жақты ізденістің, терең зерттеудің жемісі екендігіне күмәніміз бар.
Тәңірберген Бердоңғаров, ҚР Мәжіліс депутаты: Ана тілін білмегенім үшін мені ұялмайды дейсіз бе?..
–Тәңірберген Маратұлы, сіз қысқа уақыттың ішінде бас айналдырар табысқа қол жеткіздіңіз. Құпия болмаса, карьераңызды қалай жасағандығыңыздың сырын айтып бересіз бе?
Әлемдік қаржы нарығы десек, есімізге ең алдымен АҚШ доллары оралады. Бұл Американың әлемдік экономика мен қаржылық билікті қолына ұстаған локоматив ел болғандығымен байланысты екендігі сөзсіз. Дегенмен, сол көкқағаз соңғы кезде абыройынан айырыла бастады. Мұнай қымбаттап, доллар салмағын жоғалтты. Бірақ, Америка бұдан бәлендей зардап шекпейді. Өйткені, олар үшін қымбат мұнайды қымбат долларға сатып алу тиімсіз. АҚШ тауармен қамтамасыз етілмесе де көкқағазды басып шығарып, өзінің құнсызданған валютасын дамушы елдерге «таратып» қойып отыра береді. Америка әлемді доллармен басқарып үйренген.
БЗЕЖИНСКИЙДІҢ БИДАЙЫ саяси танаптарға басқалардан гөрі бітік шығатыны талассыз, бұл жолы да солай болғанын байқадық. АТОМ БОМБАСЫНАН ДА ҚОРҚЫНЫШТЫ АДАМ өмірде соншалықты алып-жұлып бара жатқан артықшылығын байқатпайды.
Жеңіс күні – жүрекпен ұғынуға тиісті Ұлы Отан Мейрамы
Бір аптадан бері жан-жағымдағыларға, достарыма толассыз жалынып келем: «Мәңгілік алауға барып, гүл қояйықшы...», - деп. Алдын-ала белгіленген жерге Айдос қана кеп жетіпті. «Орбита» аялдамасына жақын гүл сататын дүңгіршектен бір-бір талдан қалампыр гүлін алып, Мәңгілік алауға, салтанатты шара өтетін жаққа қарай аяңдап келеміз.
Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевті ұлықтау рәсімі
Бүгін Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевті ұлықтау рәсімі өтеді. Оған кейбір елдердің президенттері де қатыспақ. Медведев бүгін таққа отырса, ертең Мемдума депутаттары елдің жаңа премьерінің кандидатурасына дауыс беруге тиіс.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрi Е.ЕРТIСБАЕВ: "ҚАЗАҚ ТIЛI – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТIЛ"
Қазақтiлдi журналистиканың "бас ауруы" сөз болған жиында қордаланып қалған мәселелердi ашып көрсетуде, қоғам талқысына салуда қазақтiлдi журналистер белсендiлiк таныта алмады. Халықаралық деңгейде өткiзген медиа форумда ағылшын тiлi мен орыс тiлiне басымдық берiлгендiктен, мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi жетiншi рет жабықтан сығалап тұруға мәжбүр болды. Есесiне, БАҚ-ты басқаратын министр Ертiсбаев қазақ тiлiн дамыту iсiне мемлекет тарапынан кәдiмгiдей көңiл бөлiнiп жатқандығын мәлiмдедi.
Дидар АМАНТАЙ: ОРЫСТIЛДI ҚАЗАҚСТАНДА ӨМIР СҮРIП ЖАТЫРМЫЗ
Жер-жиһаннан ақпараттық сала мамандары – журналистер жиналып, жаһандық мәселелер жөнiнде ой қозғады. Осындай жоғарғы деңгейдегi басқосуда қазақ тiлi мен қазақ журналистикасы әдетте босаға сығалап қалатыны жасырын емес. Биыл сең бұзылып, тасқын жүрiп өтпесе де, қазақ жерiндегi тiлдiк қарама-қайшылықтар мәселесi ұшқары болса да, айтылды. Онда да бұрын-соңды болмаған жағдай, қазақ журналистерiнiң өкiлi ретiнде "Начнем с понедельника" газетiнiң бас редакторы жазушы, публицист Дидар Амантайға микрофон тигендiгiнiң арқасында ғана. "Билингвинизм" яғни, қостiлдiлiк туралы сөйлеу бағыты берiлгендiктен бе, форум төрiнде толық айтылмай қалған өзектi мәселелер бiздiң газетiмiздiң бетiнде айтылсын деген ниетпен, сессиядан соң Дидар Амантайға өз микрофонымызды бiз ұсындық.
Қазақстандық қазақ-түрік лицейінің оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық олимпиадада 23 медальді жеңіп алды
АЛМАТЫ. Мамырдың 6-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Қазақстандық қазақ-түрік лицейінің оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық I-SWEEP олимпиадасында 23 медальді жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматыдағы қазақ-түрік лицейіне сілтеме жасап.
Алда Елорданың 10 жылдық торқалы тойы. Осыған тарту ретінде оралман бауырларымыз 2 мамыр күні Конгресс-холл сарайында «Ән-жырым – Атамекенім» атты мерекелік концерт қойды. Бұл шара әрине, астаналықтар үшін тосын сый екені анық.
Іске мұрындық болған Астана қалалық Көші-қон басқармасы. Мұндағы мақсаттың – әуелгісі, торқалы тойға тарту болса, екіншісі, оралман қандастарымыздың атажұртына ала келген өнерін көрсету көрінеді. Концертке: Монғолияның Халық әртісі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қабылаш Әбікейұлы, таланты әнші Сахария Қабидоллаұлы, Алтын және Қайрош Сахабалардың отбасылық ансамблі, жас сазгер-әнші Тілеугүл Сәтейқызы және Қытай елінде туып өскен дарынды қыз-жігіттер: Жанат Тоқтаған, Күлзира Бөкейханқызы, Ермұрат Зейіпхан, Төлеубек Қожанұлы, Тайшыбек Жұмаш, ерлі-зайыпты Риза мен Құрманбек қатарлы майталман өнерпаздар қатысты. Сондай-ақ Өзбекстаннан оралған танымал музыка шебері Сара Асабаева мен айтыскер ақын Бөрібай Оразымбетовтер де өнер көрсетті.